Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді

555

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке қонақжайлығы мен Самарқандтағы ШЫҰ-ның кезекті саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті ШЫҰ өзінің әмбебаптығы мен өзара ынтымағының арқасында қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қоса алады және қосуға тиіс деп есептейді.

Мемлекет басшысы шағын құрамдағы отырыста ШЫҰ қызметінің қазіргі кезеңдегі басым бағыттары туралы көзқарасын білдірді.

Сондай-ақ кездесуде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон сөз сөйледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу