Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады

700

Министр президентке АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен Мадридте өткен "Азия-Еуропа" Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрін қабылдады

 Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, келіссөз барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Америка Құрама Штаттарының Қазақстанды өңірдегі сенімді серіктесі әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі негізгі әріптесі санайтынын айтты.

"Азия-Еуропа" форумының қатысушылары Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын және көлік жолдарын дамытуға ықпал ететін Қазақстанның транзиттік әлеуетін жоғары бағалады.

2020 жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттар жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу