Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы тойланатын тәуелсіздік 30 жылдығыны қатысты өз ойын айтты.
"Келер жыл – тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Ол экономикалық және саяси реформалардың, цифрландыру мен адам құқықтарын қорғаудың, денсаулық сақтау және білім салаларын дамытудың, экологияны сақтаудың аясында өтуі керек. Қазір осы тарихи датаға орай жұмысты кейінге ысырып қойып, көптеген салатанаттар өткізетін кез емес. Біз ең қысқа мерзімде нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек", – деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу