Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу