Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде сыйлық алғанды ұнатпайтыны рас па?

761

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев осыған байланысты пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнінде сыйлық алғанды ұнатпайтыны рас па? Фото: Kazakhstan Today

БАҚ өкілдері Сенат спикерінен "Мемлекет басшысының өз туған күнінде сыйлық алуды ұнатпайтыны рас па?" деп сұрады.

"Иә, рас. Президентіміз өз туған күнін атап өтпейтінін айтқан болатын. Осыған байланысты ақпараттар айтылған", - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында.

Тілшілер Парламент Сенатының төрағасынан Президентке соңғы рет қандай сыйлық сыйлағанын сұрады.

Ол Сенаттың ең үлкен сыйлығы жақсы жұмыс істеу, дұрыс заңдарды қабылдау, заңдардың пысықталған болуы, дұрыс нормаларды кіргізу екенін атап өтті.

"Бұл Президентіміздің саясатын жүзеге асыруға қосып жатқан ең үлкен үлесіміз деп қабылдаймыз", - деп қорытындылады ол. 

Айта кетейік, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу