Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

195

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу