Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1165

Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу