Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласындағы Мэйцзян конференция орталығына барды

175

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласындағы Мэйцзян конференция орталығына барды Фото: Ақорда

Президент ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.

Содан кейін ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу