Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ірі қалаларға жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырды

104

Президенттің сөзінше, Астана маңайында экосаябақтар ашатын уақыт жетті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ірі қалаларға жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырды Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен бұған сенімдімін. Бұл стратегиялық сипаттағы міндет. Оның орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалауда ұстайды. Дегенмен бізге тез шешім қабылдап, әрі сапалы жұмыс атқару қажет. Әрбір мәселеге пікір таластырудың қажеті жоқ. Елорда тұрғындарының көбі демалыста немесе мереке күндері әдетте Бурабайға барады. Жол қашық. Оның үстіне табиғи парктің экожүйесіне айтарлықтай салмақ түседі. Сондықтан Астана маңайында экосаябақтар ашатын уақыт жетті. Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырамын", – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, ол жерлерде де тазалық болуға тиіс.

"Бурабайда не болып жатқанын қараңыздар. Ұят жағдай. Ұлттық қорықты бүлдіріп жатқан бөгде ғаламшарлықтар емес, өзіміздің халқымыз ғой", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу