Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен нақты шешімдер мен ұсыныстар күтеді

912

Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіптік саласын дамыту бойынша мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтен нақты шешімдер мен ұсыныстар күтеді

"Соңғы бес жылда аграрлық өнеркәсіп кешеніне 2,4 трлн теңге бөлінгенімен, ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5%-дан аса қоймады. Экспорт әлеуетін арттыра алмадық. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер де бар. Тұрғындар тұтынатын азық-түліктің жартысы басқа елден әкелінеді", – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынща, бұл саланы дамыту үшін тың және сындарлы тәсіл керек.

"Бұл бағытқа келесі күннен бастап басымдылық берілуге тиіс", – деп басып айтты Тоқаев.

Президенттің дерегі бойынша, аграрлық өнеркәсіп кешенінің жалпы салаларындағы қайта өңдеу үлесі 33% құрайды.

"Шикізатты экспорттаймыз, дайын өнімді шет елден әкелеміз. Министрлік елдің ішінде қайта өңдеу үрдісіне арнап барлық жағдай жасауға тиіс. Қайта өңдеу мен экспорт тиімді болуы керек",– деп мәлімдеді Тоқаев.

Мемлекет басшысының ойынша, инвестициялар мен жаңа аграрлық технологияны тарту басты назарда болуы қажет.

"Қаржы нарығы жөніндегі агенттік, үкімет және Ұлттық банк аграрлық өнеркәсіп кешенін қаржыландыру мақсатында қорландыру институтын дамыту бойынша тиісті шаралар қабылдау керек", – деді Мемлекет басшысы.

"Мен үкіметке мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын қамтамасыз етуді және олардың тиімділігін арттыруды тапсырған едім. Бұл тапсырма әзірге орындалмады. Бұған қатысты нақты қадамдар мен ұсыныстарды күтемін",– деп сөзін түйіндеді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу