Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентіне көңіл айтты

700

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу