Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

411

Ресей мен Украина келіссөз алаңы әлі анықталмады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды және Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Өз сөзінде Президент Қазақстан БҰҰ Жарғысы негізінде соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды және бейбіт келіссөздерді жақтайтынын атап өтті.

"Бүгін құрметті канцлер мырзаға жағдайдың шын мәнінде өте күрделі екенін айттым, Ресей жағы да, Украина тарапы да келіссөздерге дайын екенін жеткізді. Бірақ келіссөз алаңы әлі анықталмады. Осы жөнінде де келіссөздер енгізуге болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу