Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысады

721

23 қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келеді деп күтілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысады Фото: odkb-csto.org

ҰҚШҰ сайтында айтылғандай, сессияға Армения премьер-министрі Никол Пашинян төрағалық етеді.

Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады делінген.

Сонымен қатар, отырысқа ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас қатысады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу