Қасым-Жомарт Тоқаев "ұлттық буржуазияға" үндеу тастады

1331

Президент бизнесмендерді әлеуметтік жүктемені бөліп көтеруге шақырды.

 Қасым-Жомарт Тоқаев "ұлттық буржуазияға" үндеу тастады Фото: akorda.kz

"Үкімет барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төлеуге құлықты. Бұған қоса көпбалалы отбасылардың балалары кепілдендірілген әлеуметтік көмек алатын болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға азық-түлік пен ең қажет деген құралдар жиынтығы беріледі. Аз қамтылған отбасында тұратын оқушыларға тегін ыстық тамақ, мектепке бару және қайту үшін жол ақысы, мектеп формасы, қажетті бұйымдар ұсынылады. Мұның бәрі мемлекет есебінен жүзеге асады. Бізді бұл істе отандық бизнесмендер, басқаша айтсақ, ұлттық буржуазия қолдағанын қалар едік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен өткен кездесуде.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу