Қасым-Жомарт Тоқаев "University Medical Center" қорының басқарма төрағасын қабылдады

689

Қасым-Жомарт Тоқаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "University Medical Center" қорының басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына корпоративтік қор жұмысының нәтижелері мен жетістіктері, сондай-ақ осы инновациялық медициналық орталықтың даму перспективалары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Юрий Пя Президентке Назарбаев университетіне қарасты медициналық мектеп жанынан Академиялық медициналық орталық ашу жоспарын айтты.

Оның пікірінше, мұндай орталықтың ашылуы клиникалық білім беру деңгейін көтеруге және оны халықаралық стандартқа сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Бұл орталықтың жұмысы ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің синергиясы негізінде озық білім мен тәжірибені пайдалануға, жаңа формациядағы медицина саласының мамандарын даярлауға, емделушіге бағдарланған медициналық жәрдем беру жүйесін дамытуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау сапасын арттырудың, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етудің аса маңызды екенін атап өтіп, отандық медицинаны жаңғыртуға бағытталған жоспарына оң баға берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу