Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда және Италияда сапарда болды. Ол Ватиканда Киелі Тақтың мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинмен кездесіп, халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі туралы мемлекеттік хатшыны хабардар етті.
Биылғы 10-11 қазанда Астанада "Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында" тақырыбы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI кезекті съезі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рим Папасы Францискке арналған алдағы форумға қатысуға шақыруды Ватиканның мемлекеттік хатшысына табыс етті. Қазақстан астанасына келуге және съезге қатысуға шақыру кардинал Пьетро Паролинге де берілді.
Пьетро Паролин Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінде шақырғаны үшін алғысын білдірді.
Қазақстан сенатының басшысы сол күні Италия сенатының төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казеллатимен келіссөз жүргізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қарқынды парламентаралық байланыстарды жалғастыруға уағдаластыққа қол жетті. Мария Элизабетта Альберти-Казеллати Қазақстанға сапарлап келуге шақыруды қабыл алды.