Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті

150

 Мемлекет басшысы Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды.

Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Венесуэла Президенті екі ел арасындағы байланыстардың жай-күйін пысықтауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің жаһандық маңызы зор. Николас Мадуро Кеңес Одағының құрамында болған халықтар Жеңіске жету жолында негізгі рөл атқарғанына тоқталды.

Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу, екі елдің іскерлік орталары арасында нақты ықпалдастық орнату жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу