Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

857

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің түрлі аспектілерін талқылады. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына көңілдері толатынын айтты.

Сондай-ақ білім беру, цифрландыру, энергетика және басқа да салалардағы ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу