"АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту жөнінде сындарлы диалог болды. АҚШ дәстүрлі түрде Қазақстанның жетекші бизнес серіктестерінің қатарына кіреді. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екені сөзсіз", – деп жазды Қасым-Жомарт ТоқаевTwitter-де.
Мемлекет басшысының АҚШ-қа жұмыс сапары кеше, 23 қыркүйек күні басталды. Президент саяси және сарапшы топ өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен, "Bloomberg" ақпарат агенттігінің басшысымен кездесулер өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтің бұл сапары 5 күнге жоспарланған.