Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Мәскеуге сапарлайды

979

Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Мәскеуге сапарлайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми сапарын Мәскеуден бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"3 сәуірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ. Сапар бағдарламасының негізгі тармағы РФ Презиенті Владимир Путинмен арадағы келіссөздерге арналады", – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, екі ел көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

"Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған", – деді Айбек Смадияров.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу