Қасым-Жомарт Тоқаев жас кәсіпкерге қолдау білдірді

1041

Мемлекет басшысы Shoes Republic отандық аяқкиім фабрикасының өнімін сатып алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас кәсіпкерге қолдау білдірді

"Айқын" қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым.Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс",– деп жазды Президент twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, 30 шілде күні "Айқын" газетінің сайтында жас кәсіпкер Дәурен Раманқұлдың сұхбаты жарияланды. Ол еліміздегі аяқ киім өндірудегі қиындықтар, маман тапшылығы, бұл кәсіптің қыр-сыры туралы сөз қозғаған. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу