Қасым-Жомарт Тоқаев жерді ғарыштан мониторингілеу туралы тапсырма берді

1817

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев жерді ғарыштан мониторингілеу туралы тапсырма берді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жерді тиімді иегірулі қалай бақыланатынын айтып берді. 

"Жақында Ақмола облысына жасаған сапарымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тиімді пайдаланылуына назар аудардым.  Бұл бағытта менің ұстанымым бекем. Жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық. Тиімсіз пайдаланылып жатқан жерді іс жүзінде анықтау қиын. Сондықтан жер пайдалану құқығы сияқты нәзік мәселеде біз асығыс шешім қабылдай алмадық. Сонымен бірге мемлекеттік бақылау саласында ауыл шаруашылық жердің қолданылуын жаңа технологиялар негізінде бақылаудың тәсілдерін енгізу қажет.  Қалың қауым мен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері  ғарыштан бақылау  мониорингілеуге көшу қажеттігін айтып жүр. Қазан айында мен агроөнеркәсіптік кешенді реттеу бойынша заңға қол қойдым. Ол заңда жерді қашықтықтан зондтау қарастырылған. Заңнамалық негізде бұл бірінші қадам. Енді  ғашырштық түсірілімдерді жерді дұрыс пайдаланбағандармен келісімшартты бұзудың негізі ретінде пайдалану мүмкіндігін пысықтау қажет.  Менің тапсырмам бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі сәйкес бұйрық дайындады", – деген Мемлекет басшысы тіимсіз пайдаланылып жатқан жерді қайтарудың мерзімін 2 жылдан бір жылға қысқартылатынын да атады.

"Жерді сот арқылы алып қоюдың  тиімді әрі жедел тетіктерін қарастыру маңызды. Игерілмей жатқан жер телімдерін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі амал-айласы орын алатын болды. Осындай жағдайда жерді ешкім пайдалана алмай, бос қалады. Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс. Мемлекет болашағына қатысты мәселе бойынша алауыздыққа жол беруге болмайды", – деді Президент.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу