Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары ЕАЭО кеңесінің отырысына қатысады

1418

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары бүгінгі саммит қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары ЕАЭО кеңесінің отырысына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің отырысына қатысу үшін Ереванға барды. Бүгін Мемлекет басшысы кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ кеңес отырысына қатысу үшін бүгін Армения астанасына Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков жиналады. Бақылаушы ретінде Молдова мемлекетінің басшысы Игорь Дадон да отырысқа қатысады. Сондай-ақ Ереван саммитіне Иран президенті Хасан Рухани мен Сингапур мемлекетінің премьері де келеді. Соңғысымен саммитте маңызды құжатқа қол қойылмақ. Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур мемлекеті Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келеді. Сарапшылар бұл келісім еуразиялық бірлестіктің кеңістігін кеңейтіп, жоғары технология саласындағы серіктестікке серпін береді деп сенеді. Сондай-ақ жергілікті сарапшылар ішкі интеграцияны күшейту үшін, бірлескен өндірістк кәсіпорындарды құру қажет деген ой айтады.

"Қазірдің өзінде автоөнеркәсіп саласында екі жаңа лидер анықталды. Қазақстан мен Ресей бірнеше ірі көлік зауыттарын салып, іске қосты. Ал Армения не істей алады? Біздің елдің электроникада әлеуеті зор. Армения шағын білдектер, яғни станоктар шығара алады. Сондықтан осындай мүмкіндіктерді ортақтастырып, үлкен жобалар арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады",– дейді "Арминфо" ақпараттық агенттігінің бас директоры Эммануил Мкртчян.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары бүгінгі саммит қорытындысы бойынша 15 шақты құжатқа қол қояды деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ Қасым-Жомар Тоқаев Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысына қатысудан бөлек, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу