Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді

723

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына бірқатар міндет жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуге тиіс бірқатар міндет жүктеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу