Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған", – деп жазды Берік Уәли facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу