Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Талдықорған қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған", – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу