Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен волентерлерге алғыс айтты

1220

"Халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсе жасырған жоқпыз".

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен волентерлерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мәлімдемесінде коронавируспен күрестің алғы шебінде жүрген сала мамандарына алғыс білдірді. 

"Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді. Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін. Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық", – деген ол індетпен күресте Қазақстан билігі халықаралық қоғамдастықпен үндесіп жұмыс істеп жатқанын атады. 

"Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын. Әрине, мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар бар, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқаруда. Кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу