Қасым-Жомарт Тоқаевқа Borealis компаниясының негізгі жобалары таныстырылды

1157

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Borealis компаниясы басқармасының төрағасы Альфред Штернді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Borealis компаниясының негізгі жобалары таныстырылды

Мемлекет басшысы Borealis компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы Сізбен пікір алмасқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Borealis компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды.

А.Штерн өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу