Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеу табысталды

220

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тоғызыншы дан қара белбеу табысталды Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Өз кезегінде Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.

Сондай-ақ, Президент жаттығу тақтайшасына қолтаңба қалдырып, Чунгвон Чоудың өтінішімен таеквондо дәстүріне сай тақтайды сындырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу