Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары әлемдік БАҚ назарында

221

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары мен Дональд Трамппен кездесуі әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналды.    

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары әлемдік БАҚ назарында Фото: akorda.kz/inform.kz

Axios басылымы Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны жайында жазып, аталған клубқа көптеген елдің мүше болуға тырысатындығына назар аудартады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бұл Газадағы соғыс парағын аударып, өңірдегі үлкен бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қарай ілгерілеудің қадамына айналады, –  делінген шетелдік БАҚ бетінде жарияланған материалда.

АҚШ-тың ең беделді газеттерінің бірі The Washington Post-та Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуын назарынан тыс қалдырған жоқ.

Ал Associated Press АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстанның аталған келісімге қосылуын "бүкіл әлемде көпір орнатудағы маңызды қадам" деп бағалаған сөзін келтіреді.

АҚШ-та жаңалық тарату желісі бойынша ірі үштікке кіретін CBS News Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуының маңыздылығын атап өтеді. Басылымның жазуынша, бұл шешім олардың екіжақты сауда-саттығы мен ынтымақтастығын нығайта түседі.

Сонымен қатар Anadolu Ajansi жазуынша, Қазақстан БҰҰ жарғысының қағидаттары негізінде текетіресті еңсеруге және диалогты ілгерілетуге өз үлесін қосуға ұмтылады. Түркияның ірі мемлекеттік ақпарат агенттігі Қазақстанның Ибраһим келісімі арқылы Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен диалогқа жәрдемдесуге дайын екендігін де атап өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу