Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды

1642

Ал мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияның отырысы 2019 жылғы 23 сәуірге белгіленген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды

"Nur Otan" партиясы Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Партия президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырыстың хаттамасынан үзіндіні, сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiшін, оның өмірбаяндық деректерін, сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат пен жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелерін, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттарын тапсырды.

Ал мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 2019 жылғы 23 сәуірге тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу