Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: қандай құжаттарға қол қойылды

2080

Қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары: қандай құжаттарға қол қойылды

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған құжаттар тізімін жариялады.

1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бірлескен мәлімдемесі.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбек қызметі және еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғау туралы келісім.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Заңсыз көші-қонмен күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

4. Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім аясында Қазақстан Республикасының мен Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталармен алмасу түріндегі келісім.

5. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлігі арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы.

6. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасының қорғаныс министрлігі арасындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

7. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасының қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери ұшақтарды қабылдау, аэродром-техникалық қамтамасыз ету және әскери аэродромдарда әскери әуе кемелерін күзету туралы келісім.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасының инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы "Орталық Азия" халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

9. Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы дін істері жөніндегі комитет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу