Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Достастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Сондай-ақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Онда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының тағы бір бейресми кездесуі өтті.