Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азия кеңесінің отырысы басталды

571

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азия кеңесінің отырысы басталды

Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылды.

Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде еліміздің төраға ретіндегі 2 жылдық жұмысы қорытындыланады.

Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылдау жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу