Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай іс-шара болмайды - баспасөз хатшысы

1827

Биыл 17 мамыр жексенбіге түсіп тұр, сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйде жұмыс істейді. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай іс-шара болмайды - баспасөз хатшысы

Жексенбіде 67 жасқа келетін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туған күнін тойламайды, үйде жұмыст істеумен өткізеді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали.

Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. "Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған" деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы фейсбукте.

Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде.

Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын, деп толықтырды Берік Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу