Каталония билігі тәуелсіздік декларациясына қол қойды

865

Каталония билігі тәуелсіздік декларациясына қол қойды

Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон, оның орынбасары Ориол Жункерас және парламент спикері Карме Форкадель мен 72 депутат "Каталония өкілдерінің декларациясы" құжатына қол қойды. Декларацияда Каталонияның тәуелсіз республика болатыны жазылған, деп хабарлайды РБК.

Алайда Испания үкіметі басшысының орынбасары Сорайя Саэнс де Сантамария Каталонияның референдум туралы заңының заңдылығын үкімет мойындамайтынын, бұл мойындамаудың конституциялық сот арқылы қабылданғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Карлес Пучдемон парламенттен Испаниядан тәуелсіздік алу туралы мәселені кейінге қалдыруды сұраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу