Каталония үкіметінің басшысы аштық жариялады

675

 Каталония үкіметінің басшысы аштық жариялады

Испаниядағы Каталония аймағы үкіметінің басшысы Ким Торра екі күндік аштық жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Ол мұндай қадамға қамаудағы каталондық саясаткерлердің әрекетіне қолдау білдіру үшін барды. Себебі бұған дейін қамаудағы Каталонияның бұрынғы басшыларының төртеуі сот шешіміне қарсы аштық жариялаған. Тамақ ішуден бас тартқандар – аймақ үкіметінің мүшелері Хосеп Рауль, Жоаким Форн және депутаттар Жорди Туруль мен Жорди Санчес.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Каталонияда Испаниядан бөлініп, тәуелсіз ел құру туралы рефрендум өткен. Бірақ Мадрид бұл шараны заңсыз деп, аймақ басшыларын қамауға алды. Каталонияның кей басшылары бас сауғалап, шетелге қашты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу