Каталониядағы тәртіпсіздектерден 130-дан астам адам жарақат алды

885

Олар Жоғарғы соттың 12 саясаткерге қатысты шығарған үкімімен келіспейді.

Каталониядағы тәртіпсіздектерден 130-дан астам адам жарақат алды

Испания Жоғарғы сотының каталониялық саясаткерлерге шығарған үкімі жергілікті халықтың бас көтеруіне әкеліп соқты. Сотталған саясаткерлерге 2017 жылы болған тәуелсіздік туралы референдумды заңсыз өткізген деген айып тағылған.

El Pais басылымының дерегіне сүйенсек, мамандар 131 кісіге медициналық көмек көрсеткен. Соның 115-і Барселонаның "Эль-Прат" әуежайындағы наразылық шарасы кезінде жарақат алғандар.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Испанияның Жоғарғы соты 12 каталониялық саясаткерге 2017 жылғы тәуелсіздік туралы заңсыз референдумға қатысы бар деп танып, үкім шығарды. Олардың 9-ы бүлік ұйымдастырды деп айыпталып, 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жазаға кесілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы Каталонияның егемендігін қолдайтын қозғалыс көшбасшылары аймақтың Испаниядан бөлінуі туралы референдум өткізген болатын. Бірақ ол кезде плебисцит нәтижесін Испанияның конституциялық соты заңсыз деп таныды. 

Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон оның жақтастарына қатысты жарияланған үкімдерді айуандыққа теңеді. Референдум өткізілгеннен кейін, Пучдемон ресми Мадрид жазасынан қашып кеткен еді. Қазір ол  Бельгияда. Оны тұтқындауға Испания соты жаңа еуропалық ордер берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу