Каталонияның ұлттық күнінде Барселонада митинг өтті

773

Тәуелсіздікті жақтаушылар парламентке баса-көктеп кірмекші болған. Бірақ полицейлер наразы топты үкіметтік ғимарат маңынан қуып жіберген. 

Каталонияның ұлттық күнінде Барселонада митинг өтті

Бұған дейін ереуілшілер Испанияның байрағын өртеп, көшеде бүлік шығарған болатын. Euronews дерегі бойынша, митингке шамамен 600 мыңға жуық адам жиналған. Өткен жылмен салыстырғанда биыл бас көтерушілердің саны азайып отыр. 2018 жылы миллионға жуық белсенді наразылығын білдіру үшін қала көшелеріне шыққан еді. 

Биылғы ереуіл Испания үкіметінің каталониялық саясаткерлерге қатысты үкім шығаруы қарсаңында өткізіліп отыр.

Саясаткерлер автономияның Испаниядан бөлінуін қолдайтын топқа жетекшілік еткен. Олар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кетейік, Каталония – Испанияның басқа өңірлеріне қарағанда экономикасы әлдеқайда алға басқан аймақ. 7 миллиондай тұрғыны бар. Олардың бәрі ана тілінде сөйлейді. Каталондықтардың өз тәуелсіздігін алуға деген ұмтылысы 2012 жылғы экономикалық дағдарыстан кейін күшейген.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу