Қатаң карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз – Жанна Піралиева

920

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Піралиева  елордада қатаң крантин және шектеу шараларын енгізуге не себеп болатынын айтты. 

Қатаң карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз – Жанна Піралиева

Санитарық дәрігерлер халықты бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау тәрізді қарапайым талаптарды орындауға шақыруда. 

Алайда елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, қазіргі кезде бұл талаптар сақталмай отыр. 

"Егер халық талаптар мен ұсыныстарды қолданбауды жалғастыра берсе және жақын байланыс жасаған адамдар туралы толық ақпарат бермесе, бұл ел арасында және жалпы қала бойынша КВИ ауруының өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Біз белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз", – деді Жанна Піралиева.

Оның айтуынша, қалада вирустың таралуы әлі де тоқтай қойған жоқ.

"Осыған байланысты тағы да қала тұрғындары мен қонақтарын шыдамдылыққа, санитарлық ережелерді сақтауға шақырамын, себебі вирустың таралуы тоқтаған жоқ. КВИ бойынша бүкіл әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды және ЖРВИ мен тұмау бойынша алдағы эпидемиялық маусымды ескере отрырып бірінші кезекте тұмауға қарсы вакцина алу, иммунитетті нығайту, жылы киіну, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керектігін, өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет", – деді санитарлық дәрігер.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу