Қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ

608

Stopfake.kz елімізде 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылатыны туралы ақпараттың жалған екенін хабарлайды.

Қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ

Мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпарат тарауда. Хабарлама Премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. 

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу