Қатаң сөгіс алған министр Нұржан Нұржігітов өз жұмысын қалай бағалайды?

290

Министр осы жұмысқа лайық не лайық емесін Президент шешеді деп отыр.  

Қатаң сөгіс алған министр Нұржан Нұржігітов өз жұмысын қалай бағалайды? Фото: gov.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналист ведомство басшысынан "Өзіңізді Су ресурстары министріне лайықтымын деп ойлайсыз ба?" деп сұрады. 

"Дұрыс айтасыз, әрі қарай бұл жұмысқа лайықпын ба, лайық емеспін бе – бұл шешімді Президент шығарады. Бүгінде министрліктің жұмысы төтенше жағдайлар салдарын жоюға бағытталған. Біз құқықтық базаны қалыптастырдық. Қазір әр жергілікті атқарушы органмен қандай көлемде, қандай жұмыстар атқаруымыз керек жөнінде жоспарымыз бар. Алты айдың ішінде ауқымды жұмыстарды атқаруға ешқандай мүмкіншілік болмады. 20 су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 9 су қоймасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Алтауы осы бірінші жартыжылдықта дайын болады", – деді Су ресурстары және ирригация министрі. 

Оның сөзінше, бұдан бөлек қолданыстағы гидротехникалық құралдарды қайта жөндеу жұмыстары қарастырылып жатыр. 

Айта кету керек, осыған дейін су тасқыны салдарынан су астында қалған үйлер туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу