Алматы облысындағы эпидахуалға қатысты брифингте "Алтын Орда" базары туралы сан сауал қойылды. Пандемия өршіп тұрған кездерде еліміздегі барлық базар қызметін тоқтатты. Алайда тек "Алтын Орда" базары шектеулерге қарамастан жабылмады. Неге олай?
Мұның жайын Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бұл базар елдегі азық-түлік бағасын қалыптастыруда үлкен рөл ойнайды. Өйткені өңірлердегі саудагерлердің көбі өнімді осы жерден сатып алады. Егер біз оның жұмысын шектесек немесе бірнеше күнге жауып тастасақ, Алматы облысы мен қаласынан басқа өңірлерде де азық-түлік бағасы өсіп кетуі мүмкін. Бұл жерде мәселеге жан-жақты қарау керек", – деді спикер.
Құралай Құдайберген