Қатар-2022: Ширек финалға кімдер шықты?

1061

Әлем біріншілігінде Марокко құрамасы Испанияны жеңіп, сенсация жасады, деп жазады inbusiness.kz.  

Қатар-2022: Ширек финалға кімдер шықты? Фото: sportbox.ru

Екі құрама да матчтың негізгі уақытында (0:0) гол соға алмады.

Пенальти сериясында испандықтар Марокка қақпашысы Яссин Бунудан айласын асыра алмады. Қорытынды есеп 3:0 мароккалықтардың пайдасына шешілді.

Ширек финалға тағы бір үміткер Португалия құрамасы Швейцария құрамасын тас-талқан жеңді.

Португалия – Швейцария – 6:1 (2:0)

Гол соққандар: Рамос 17 (1:0), Пепе 33 (2:0), Рамос 51 (3:0), Геррейро 55 (4:0), Аканджи 58 (4:1), Рамос 67 (5:1), Леау 90+2 (6:1)

Қатардағы футболдан әлем чемпионатында 8 команда жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады.

Ширек финалдың кестесі:

9 желтоқсан

  • Хорватия - Бразилия
  • Нидерланд - Аргентина

10 желтоқсан

  • Марокко - Португалия
  • Англия – Франция
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу