Катар азаматтары Мысырға визамен кіреді

889

Катар азаматтары Мысырға визамен кіреді

Мысыр билігі Катар азаматтары үшін алдын ала дайындалатын визалық режим енгізбек. Бұл туралы Египеттің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kz.

Айтуынша, Мысыр үкіметі терроризмді қолдайтын елдің азаматтарына жеңілдік жасауға ниетті емес. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа ереже 20 шілдеден бастап күшіне енеді. Енді Мысырға баруды қалаған катарлықтар Египет елшілігіне барып, алдын ала виза алуы тиіс. Оның өзінде құжаттың жарамдылық мерзімі шектеулі болмақ.

Еске сала кетейік, маусым айының басында Сауд Арабиясы мен Египет, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі Катарды "терроризмді қолдайды" деп айыптап, ресми Дохамен дипломатиялық байланысын үзген еді. Катар басшылығы тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу