Қатар Трампқа 400 млн долларлық ұшақ сыйлады

491

Бұл АҚШ үкіметі алған ең қымбат сыйлық болуы мүмкін.

Қатар Трампқа 400 млн долларлық ұшақ сыйлады Фото: pixabay

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қатар королі әулетінен люкс санатындағы "Боинг" ұшағын сыйлық ретінде қабылдамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ABC" телеарнасының хабарлауынша, ұшақ қайта жабдықталып, мемлекет басшысының ресми сапарларына пайдаланылатын негізгі әуе көлігіне айналады. Оның құны – 400 миллион доллар.

Трамп қызметінен кеткен соң, ұшақ президенттік кітапханаға тапсырылады. Демократтар бұл әрекетті парақорлық және шетел ықпалының көрінісі деп сынға алды. Ақ үй болса, шетелден келген сыйлықтар заңға сай рәсімделетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу