CNN сол себепті АҚШ Қатарға ұшақ үшін ештеңе төлемейтінін жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірнеше күн бұрын АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет пен Қатар премьер-министрінің орынбасары және қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Сауд бен Абдель Рахман Әл Тани Дональд Трампқа берілген ұшақ туралы айтып өтті.
– Бұл қайырымдылық жақсы ниетпен және тараптар арасындағы ынтымақтастық пен өзара қолдау мақсатында жасалды. Осы өзара түсіністік туралы меморандумдағы ешнәрсе пара алу, заңсыз ықпал ету немесе сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысанын ұсыну, уәде ету немесе қабылдау болып табылмайды немесе түсіндірілмейді, – деп жазылған келісімде.
Қатар ұшағын жаңғыртудың ресми құны құпия саналды. Десе де, АҚШ әуе күштерінің басшысы Трой Майнке шығын 400 млн доллардан аз болатынын мәлімдеп үлгерді.
The New York Times газеті бір күн бұрын Пентагон АҚШ президентіне сыйға тарту етілген Катар ұшағын жаңартуға ядролық бағдарламаларды жаңалауға бөлінген 934 млн долларды әскери бюджетке аударғанын хабарлады.
Сарапшылар Дональд Трамп өзіне сыйлыққа берілген ұшақты жуырда пайдалана алмайтынын ескертеді.
Өйткені, ұшақты соңғы байланыс және ұшу кезінде қорғаныс технологияларымен қайта жабдықтау 1 жылдан 2 жылға дейін созылуы ықтимал.