Катар қазақстандықтар үшін визалық тәртіпті жеңілдетті

882

Катар қазақстандықтар үшін визалық тәртіпті жеңілдетті

Катар мемлекеті қазақстандықтар үшін визалық тәртіпті жеңілдетті. Енді азаматтар тегін виза арқылы аталған елде 30 күн бола алады. Мұндай мүмкіндікке Үндістан, Ресей және Қытай мемлекеттері де ие болып отыр. Ал, Германия, Франция, Түркия азаматтары Катарға келгеннен кейін 180 күнге виза ала алады.

Туризм департаментінің басшысы Хасан Аль Ибрахим бұл қадам, Катарды аймақтағы ең ашық мемлекет ретінде танытатындығын атап өтті. Ол сондай-ақ, елдің мәдени мұралары, эмират түбегінің табиғи құндылықтарымен танысқысы келетін шетелдік туристерді қуана қарсы алатындығын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу