Қатар Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

820

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қатар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді

Қатар Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

"Qatar Airways" әуекомпаниясының арнайы рейсімен Дохадан Нұр-Сұлтанға жалпы салмағы 8,5 тонна құрайтын гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Жүктің ішінде жеке қорғану құралдары бар: жоғары сапалы N95 респираторлы медициналық маска, арнайы киім, қолғап, көзілдірік, халат және өзге де медициналық заттар бар.

Көмек Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танидің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қатар тарапына гуманитарлық көмек үшін алғысын білдіреді.

"Қатардың бұл игі әрекеті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың, сондай-ақ пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігердегі ынтымақтастықтың көрінісі",– дейді СІМ-нен.

Гуманитарлық жүк медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін "СҚ-Фармация" ЖШС-на табысталады. Е ҚОСАДЫ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу