Катар — Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі

271

Әлихан Смайылов Катар Мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Әл-Румейхимен кездесу өткізді.

Катар — Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі Фото: primeminister.kz

"Біз қолда бар мүмкіндіктерді кеңейтуге мүдделіміз. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенде бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру перспективалары бар екенін ерекше ықыласпен атап өткім келеді", — деді Премьер-Министр.

Атап айтқанда, әңгіме Ақмола облысында бидай өңдеу зауытының құрылысы туралы болып отыр. Жоба құны шамамен — $200 млн. Қазіргі уақытта оның тұжырымдамасы мен серіктестік шарттары пысықталып жатыр.

"Қазақстанда бизнесті дамытуға қолайлы барлық жағдай бар. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз", — деді Әлихан Смайылов.

Абдулазиз бен Сұлтан Әл-Румейхи мырза Үкімет пен ел басшылығының жылы қабылдауы мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу